Біз «осылай істеңіздер» деп құр айтып отырмаймыз. Нақты бизнеске не істеу керек екенін көрсетеміз.
Төменде — сандармен көрсетілген кейстер. Атқарылған жұмыстардың қысқаша сипаттамасы мен компания иелерінің пікірлері.
Қалай рекламаның бюджетін өсірмей-ақ, 8 млн тг айналымнан тұрақты түрде 18 млн тг айналымға өсірдік?
Қалай Дубайдағы жылжымайтын мүлік агенттігін иесіне деген тәуелділіктен құтқарып, өзі жұмыс істейтін брокерлік бөлімін құрдық?
ұлттық киім тігу және сату
БАӘ-дегі жылжымайтын мүлік саудасы
Жобаны қолға алғанда, компания айына 8 млн ₸ айналым жасап тұрса да, нақты пайда көрмей, шығынға батып отырды. Тіпті ай сайын жарнамаға 2 млн ₸ жұмсаса да, таза пайда көрмеді. Негізгі кедергілер: Орташа чек төмен, тауар түрлері (ассортимент) тиімсіз, ал сату бөлімі жүйесіз жұмыс істеген.
Жоба басталғанда бизнестің барлық салмағы тек иесінің иығында болды. Асель Түркия нарығында тәжірибелі болғанымен, Дубайда бәрін нөлден бастауға тура келді. Негізгі қиындық: Дайын команда, бекітілген процесс және жүйелі сату бөлімі болмады. Барлық келісімшарттарды иесі өзі жүргізгендіктен, бизнесті ары қарай масштабтау қиын болды.
Біздің басты мақсатымыз — иесінің қатысуынсыз-ақ сауда жасай беретін кәсіби брокерлер бөлімін құру болды:
Біз жарнама бюджетін көбейткен жоқпыз, керісінше, ішкі жүйені ретке келтірдік:
Оба аясында кәсіпке операциондық және коммерциялық жүйе енгізілді:
Нәтижесінде: Бірнеше айдың ішінде бизнес тұрақты ~7 млн ₸ таза пайдаға шықты. Ал айлық айналым жарнамаға бір тиын да артық жұмсамай-ақ, 18 млн ₸-ға жетті.
Нәтижесінде:- Команда: Бірінші айда 4 брокерден тұратын топ құрылып, 4 айдан кейін ұжым 10–15 маманға дейін өсті.
- Сатылым: Брокерлер айына орташа чегі $200 000-нан $1 000 000-ға дейінгі 2-3 келісімшартты тұрақты түрде жаба бастады.
- Жылдамдық: Клиент өтінішін өңдеу уақыты 1–2 күннен 5 минутқа дейін қысқарды.
Түйін: Шағын бизнесте пайданы өсіру үшін жарнамаға ақша шаша беру міндетті емес. Кейде тек тәртіп, нақты сандар және жүйелі шешімдер жеткілікті.
Түйін:
Тіпті Дубай сияқты күрделі нарықта да, дұрыс құрылған жүйе бизнесті иесіне байлап қоймай, бақылауды жоғалтпастан еркін өсуге мүмкіндік береді.
Тауарды реттедік: Өнім желісін оңтайландырып, өзіндік құнын қайта есептедік.
Автоматтандыру: CRM жүйесін орнатып, 10 000-нан астам клиент базасымен жұмыс істейтін автоматты хабарламаларды іске қостық.
Сату бөлімін жаңарттық: Жұмысты автоматтандырып, бөлімді бастан-аяқ қайта құрдық.
Тиімсіздіктен арылдық: Пайда әкелмейтін, арзан әрі маржасы төмен тауарларды алып тастадық.
Бөлу жүйесі: Клиенттерден түскен өтініштерді брокерлерге адамның қатысуынсыз, автоматты түрде бөлетін жүйе жасадық.
Команда жинау: Қызметкерлерді іріктеп, оларды оқыту және бақылау жүйесін енгіздік.
Call-центр: Алғашқы қоңырауларды қабылдайтын және сатуды бастайтын арнайы бөлім құрдық.
Бақылау орнаттық: Бизнестің басты көрсеткіштерін сандар арқылы қатаң қадағалауға алдық.